Жаңалықтар

Құлаққаптың зиянды екені рас па

Құлаққаптың зиянды екені рас па
Фото: © Pixabay.com 14.12.2023 16:45 2260

Құлаққап күнделікті қолданатын заттарымыздың біріне айналды. Жас баладан бастап, таяққа сүйенген кәрі кісілер де құлаққапты жиі пайдаланатынын көз көріп жүр. Әрине, онымен ән тыңдаса да, фильм қараса да ыңғайлы. Алайда, оның қаншалық адам ағзасына қауіп әкеліп жатқанына үңіліп жатқан ешкім жоқ. Қауіптің ең сорақысы құлаққаптың кесірінен неше адам жол-көлік оқиғасына тап болып, неше адам ажал құшты.

Дәрігерлердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды. Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25 пайызында 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек.

Құлаққаптың зиянды екені рас па

Сонымен, құлаққаптың зияны мынандай:

- жалпы музыканы колонка, динамик арқылы тыңдау сондай қауіпті емес, себебі дыбыстық толқындар реттеліп, құлағымызға табиғи жолмен кіреді, ал құлаққап тағу дыбысты тікелей береді де, есту мүшемізге айтарлықтай залалын тигізеді.

- ән тыңдау кезінде организмімізде дыбыс толқындарынан сақтану механизмі іске қосылады. Бұл процесс көп қайталана берсе, есту қабілетімізге айтарлықтай зиян келеді.

- ғалымдар «құлаққапты пайдалану соншалықты зиян деген сөз емес» дейді. Тек дауысын қатты қойып тыңдау мен үздіксіз құлақтан шешпей жүрудің залалы туралы дабыл қағып отыр. Бұл  ретте құлаққап жалғанған гаджеттің өз зияны барын ұмытпаған дұрыс. Ол иммундық жүйеге, көру қабілетімізге, омыртқамызға әсер етеді.

- құлаққаптағы дыбыс деңгейі есту қабілетіне қарама-қайшы келеді. Себебі, дыбыс деңгейін арттыру дыбыс толқынымен берілетін қысым мен энергияның өсуіне итермелейді. Қатты қысымға көп ұшыраған адам құлағының есту қабілеті тез нашарлайды. Ал есту қабілетінің нашарлауы емделмейтін ауру. Оны бастапқы сатыларында дәрі-дәрмектермен емдегенмен, әсері 3-4 тәулікке ғана жетеді. Ал өршіген аурудың емі – тек есту аппараты болып қалады.

Құлаққаптың зиянды екені рас па

- Құлаққаптың құрамында магнитті дыбыс тарататын құрылғы орналасқандықтан бұл құрылғының электр энергиясын көп қажет ететіндігі бар. Көпшілік құлаққап пайдаланушылардың телефон қуаты тез сөніп қалатыны да осы себептен.

Айта кетейік, Жапонияда құлаққаптың тамшы деп аталатын түрі шығарылмайды. Себебі, ғалымдар ол ішкі ағзамызға кері әсер етіп, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Сол себепті мамандар құлақты тұтасс жауып тұратын құлаққаптың түрін айдалануға болмайды деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға