Жаңалықтар

Қуғын-сүргін құжаттарына көптің қолы жетіп жүр ме

Мемлекет тоталитарлық жүйенің қуғын–сүргін орнына айналғанда, күштеп жер аударып, қуғын-сүргінге 1,5 млн адам ұшырады
Қуғын-сүргін құжаттарына көптің қолы жетіп жүр ме
Фото: atr.kz 17.11.2022 03:34 1509

ІІМ Арнайы мемлекеттік мұрағатының деректері бойынша, Қазақстанда қуғын-сүргінге ұшырағандар саны 103 мың адам болса, оның 25 мыңы ату жазасына кесілген. Соның ішінде жүздегені еліміздің біртуар тұлғалары. Мемлекет тоталитарлық жүйенің қуғын–сүргін орнына айналғанда, күштеп жер аударып, қуғын-сүргінге 1,5 млн адам ұшырады. Оның ішінде әртүрлі ұлт өкілдері 800 мың неміс, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері (шешендер,ингуштар,балқарлар мен лезгиндер), 102 мың поляктар, 43 мың гректер (1942-1949 жылдар аралығы), Қырым татарлары және 19 мың Корей отбасылары болған.

Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығының Арнайы мемлекеттік мұрағатына алыс және жақын шет елдерден сұраухаттар келіп түсуде.Мұрағатқа әртүрлі  деңгейдегі бірі әкесін іздесе, бірі жақын туыстары туралы мәліметтер білгісі келіп сұрау жіберіледі.Осы орайда, Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығының Арнайы мемлекеттік мұрағатына «Роль и место репрессированных народов в современной России» ғылыми-практикалық конференциясының өтінішін келіп түскен болатын.Осы өтініштерге сәйкес Ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағаттары РКФСР ҚК-нің 58 және 59-баптары және басқа да  одақтық републикалардың ҚК тиісті баптары бойынша әртүрлі жазалау мерзімдерінде сотталған және үкім шығарылған адамдарға қолда бар мұрағаттық қылмыстық істер бойынша мәліметтермен бірге,қуғын-сүргінге ұшыраған және тұтқындалған адамдардың,оның ішінде арнайы қонысқа көшірілген адамдардың жеке істері сақталған.

 Ұлты ингуш және шешен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар бойынша мәлімет алу үшін «Опора Ингушетии» қоғамдық қозғалысының басшысы Магомед Русланұлы толық ақпарат ұсыну үшін көмек сұраған екен. Мәліметтерді сұрату тапсырмасы бойынша мұрағат республика бойынша архив қорында бар істерге іздеу жариялады. ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығы Арнайы мемлекеттік мұрағатының бастығы, полиция подполковнигі Дария Әлиқызының басшылығымен 2017 жылы келіп түскен сұраудың 8 ай бойы жүргізілген жұмыстары нәтежиесі бойынша, республика бойынша шешендер мен ингуштар ішінде қоныс аударғандар мен соғыс басталғанға дейінгі жер аударылғандар туралы мәліметтер Астана қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Атырау қаласы және Павлодар облыстарынан мұрағаттарынан мәліметтер келіп түскен.Қорытынды бойынша Ішкі істер органдарында жалпы саны шешендер мен ингуштарға қатысты қылмыстық істер саны -799 болса,оның ішінде ақталғандары саны-727, ақтауға жатпайтын қуғын сүргінге ұшырағандар саны-72 екен. Магомед Русланұлына Ішкі істер министрлігінің желілік порталында «Мемориал» бөлімінде  қуғын-сүргінге ұшырағандар мен жер аударылғандар туралы мәліметтер енгізілгендігі туралы ақпарат берілген.Сонымен бірге тізімде әртүрлі жаза түрлері тағайындалған сотталған  азаматтар да бар.Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР заңында қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары мұрағатта сақталған қолжазбалар мен суреттер жеке құжаттарын алуларына құқықтары бар.Қазақстан Республикасының 2015 жылы 26 қазанда №401-V «Ақпаратқа шектеу» 12 тармағы бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы мемлекеттік құпия болып саналатын мәліметтерді таратуға тиым салатын заң ұсынылған болатын.Жұмыс қорытындысы бойынша «Опора Ингушети» қоғамдық қозғалыс басшысына  қажетті мәліметтер заң шеберінде берілді.

Сталиндік тоталитарлық жүйе көптеген жазықсыз халықтар мен ұлттардың өкілдеріне әртүрлі себептермен сенімсіздік көрсетіп , халықтар Қазақстан, Орта Азияға жер аударылған. Олардың күшпен көшірілгені көпшілікке белгілі болғанымен, қарапайым халыққа қолданылған саяси шараның әскери шаралармен астарласа жүзеге асырылғанын бүгінгі ұрпақ біле бермейді.Бір отбасынан бірнеше отбасы мүшесі жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған жағдайлар да болған. Бұл Кеңестік қоғам тұсында қазақ тарихының қайғысы мол ,қасіреті ауыр кезеңі Сталиндік тоталитарлық жүйеге ұшырағандар болатын. Жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды,көз жасын төккізіп,қасірет шеккізді. Қылмыстық істерді,саралап, қарап, зерделеу барысында кейбір отбасылардан бірнеше адамдар  қуғын-сүргінге ұшырағандарына куә боласың. Олардың істерін ашып қарап отырып,олар туралы жеке мәліметтер,өмірбаяны,қылмыстық істері, жеке және отбасылық суреттері, қалталарынан табылған тозығы жеткен сол кезеңнен келе жатқан төте және араб жазуларымен жазылған хаттары, жазбалары да бар. Мысалы, шешен және ингуш ұлтынан қуғын сүргінге ұшырағандар ішінде Косум Татаев та бар. Ол 1918 жылы 19 ақпанда сотталған. Сотталу себебі,ауылдық кеңестің хатшысы болып қазмет атқарып,қызмет барысында сол аймаққа тиісті іс-қағаздарын жойып жіберген.Неміс десантшыларымен тығыз қарым-қатынаста болып, Ақмола облысы,Атбасар ауданы,Покровка ауылдық округінде Магомед Гелагаев пен Абдулкерім Абдулходжаевпен бірге ұйымдасқан түрде Кеңес өкіметі мен партия тарапынан өтетін іс-шараларды Кеңес өкіметіне қарсы үкім жариялаған.Кеңес өкіметіне қарсы арандатушы әңгімелер шығарып,Кеңес өкіметін құлату жөнінде Америка мен Англия тарапынан соғыс ашу жөнінде ақпараттар таратқан.Арнайы қоныстанушыларды ұжымдық шаруашылыққа шықпауына, Кавказға көшуіне әрқашан дайын болуларына үгіттеген.Қылмыстық кодекстің 58 бабының 3 тармағы,58 бабының 10 тармағы бойынша Косум мен Магомедті, Абдулкеримді 58 баптың 10,11 тармақатары бойынша Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Покров округінде Кеңес өкіметіне қарсы үгіт жасағаны үшін тұтқындалады. Кейінірек тергеу барысында өз кінәларын мойындамай,жалған мәлімдеме бергендіктері анықталған.1945 жылы іс қайта қаралып,Гелогаевтар ақталып шығады. Екінші істе  ұлты ингуш Бекмурзиевтер Ақмола облысының Вишневка ауданында колхоздың ағаш ұстасы болып жұмыс атқарған.Вишневка ауданының,Красное озеро ауданының басшылығы қызметіндегі азаматтарды өлтірді деген айып тағылған.Істі тергеу барысында Сулеймен Тумгоев, Алимбек Бекмурзиев және  Хасан Бекмурзиевтер өз кінәларын мойындамаған.Кейін куәгерлердің берген мәлімдемесінен кейін қылмыстары ашылған. Кеңес өкіметінің арнайы кеңесіне олардың істері жіберіліп, кінәлі деп танылып, әрқайсысына 8 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал  үшінші неміс ұлтының өкілі Осман Балхоев Ақмола облысының Ключи ауылында тұрып,заңсыз секталық «Кунтахаджи» ұйымын басқарып, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт насихат жүргізгендеп айыпталады.Тергеу барысында кінәлі деп танылып, сотталады.«Бұл адамдарға қатысты біздің мұрағатқа  жеке әрбірі туралы сұраулар келіп түскен жоқ. Бірақ сұрау келіп түскен жағдайда қажетті мәліметтерді біз әрқашан беруге дайынбыз»,- деді Арнайы мемлекеттік мұрағаттың бастығы Дәрия Әлиқызы.

Бүгінгі таңда бұл жұмыс қорытындыланып,жалғасын табуда.Ингуштар мен шешендерден бөлек Қырым татарлары мен Корей ұлт өкілдеріне қатысты мұрағаттық істерге байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда ІІМ Арнайы мұрағатында әр түрлі ұлт өкілдеріне қатысты көптеген мәліметтер сақталған.1-мамыр халықтар бірлігі күніне орай беріліп отырған мақалада бір аспанның астында бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт өкілдерінің өткені туралы мұрағат мәліметтері болашақ ұрпаққа берілген бағдар деп білеміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға