Жаңалықтар

Құдайберген Бекіш әкесі есінде несімен қалғанын айтты

Құдайберген Бекіш әкесі есінде несімен қалғанын айтты
Фото: Видеодан алынған кадр 15.12.2023 16:52 1570

Отандық танымал әнші Құдайберген Бекіш «Ұйқым келмейді» бағдарламасына қонақ болып келіп, әкесі туралы естелігін бөлісті, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әкесінен бала кезінде көз жазып қалғанын айтты. Сөйте тұра өнерге деген қызығушылығы әкесінен дарыпты.

Әкем ерте кетті. Төрт жасыма дейін болды. Маған гармонь деген аспапта ойнауды үйретті. Сол ғана есімде қалыпты. Анам маған «әкең Қазалы деген жерде қайтыс болды» деді. Руым - Әлім. Содан кейін әкемді көрген жоқпын. Анам оны іздеген жоқ, - деді әнші.

Әкеден ерте айырылған Құдайберген Бекіш тірлікке ерте араласып, бесінші сыныпта оқып жүріп қауын сатып ақша тапқан. Осылайша анасына көмектескен екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға