Жаңалықтар

"Құдалықтың жаңа деңгейі": Құдалар тікұшақпен келіп, доллар шашты

"Құдалықтың жаңа деңгейі": Құдалар тікұшақпен келіп, доллар шашты
Фото: Видеодан кадр 18.10.2023 10:52 1328

Әлеуметтік желіде құдалардың тікұшақпен ұшып келіп, доллар шашқан видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан байқағанымыздай, қуаныш иелері - Бекмұқай мен Регина. Ал құдалардың ұшып жеткен жері - Тұздыбастау ауылы. Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылы ма, әлде басқа өңірдегісі ме, ол жағы нақты емес.

Құдаларын қарсы алғандар оларға шашу ретінде АҚШ долларын таратты. Оқиғаға қатысты облыстық полиция депаратаменті ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін айтты.

Әлеуметтік желіде бұл тікұшақты "Ұлттық авиация орталығы жеке қолданысқа бергені" туралы жазып жатыр.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының баспасөз қызметі бұл тікұшақ ҚР санитарлық авиациясында пайдаланылмайтынын мәлімдеді .

Жалпы, орталықтың балансында жеке әуе көліктері жоқ. Орталық жеткізушілерден авиациялық қызметтерді сатып алады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға