Жаңалықтар

Қуаты 100 МВт жел энергетикалық станциясының жобаларын іріктеу жөніндегі аукцион өтті

Қуаты 100 МВт жел энергетикалық станциясының жобаларын іріктеу жөніндегі аукцион өтті
Фото: gov.kz 15.11.2023 06:26 356

2023 жылғы 14 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт жел энергетикалық станциясының жобаларын іріктеу жөніндегі ЖЭК бойынша аукцион өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 11 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 15 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 450 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз)құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 13.49 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

«Аргест» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 13,49 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ақтөбе облысында орналастыру жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде келесі өкілдер қатысты: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, ЕҚДБ.

Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .

Келесі аукцион жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша 2023 жылғы 15 қарашаға тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға