Жаңалықтар

Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының жеңіске жету себебін атады

Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының жеңіске жету себебін атады
Фото: instagram.com/kuat__khamitov 20.06.2023 15:10 952

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қазақстан құрамасына сырт алаңда Солтүстік Ирландияны ұтуға көмектескен факторды атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жеңістің аты – жеңіс! Бюджет қысқартылып еді, нәтиже де көріне бастады. Қанша жылдан бері ақшаны қысқартыңдар деп бекер талап етпеген екенмін, тоқ адам аш адам секілді ешқашан лайықты нәтиже көрсетпейді. Сол үшін де жігіттерді аш ұстау керек, сол кезде нағыз ойыншылар қалады, - деді ол.   

19-ынан 20 маусымға қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді. Белфастта өткен матчта жалғыз голды Абат Айымбетов соқты. «Астананың» 27 жастағы шабуылшысы ұлттық құрама сапында 8-голын соқты. 

Осылайша ол құрама үшін гол соққандар тізімінде төртінші орынға жайғасты. Оның алдында Руслан Балтиев (13 рет), Виктор Зубарев пен Бактиер Зайнутдинов (12 голдан) тұр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға