Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаевты қорғап жатқан блогерлердің үстінен іс қозғалуы мүмкін

Қуандық Бишімбаевты қорғап жатқан блогерлердің үстінен іс қозғалуы мүмкін
Фото: facebook.com/Қуандық Бишімбаев 28.02.2024 13:55 886

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Қуандық Бишімбаевты қорғап жатқан блогерлердің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz  ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Шындалиевтен Бишімбаевты қорғап жатқан блогерлердің әрекеті туралы сұрады.

Сот процесі барсында барлық фактіге баға беріледі. Олардың да әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, - деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Еске салайық, экс-министр 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тараған еді. Кейін жедел жәрдем келгенде оның әйелі оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға