Жаңалықтар

ҚТЖ неге банкроттықтың алдында тұр? Қанат Әлмағамбетов жауап берді

ҚТЖ неге банкроттықтың алдында тұр? Қанат Әлмағамбетов жауап берді
Фото: ©El.kz/Миражан Махан 12.06.2024 14:31 408

Мәжіліс кулуарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов компания қарызының көбейіп жатқан себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлмағамбетовің сөзінше, ҚТЖ алған қарыздарын елдегі инфрақұрылымды жақсартуға жұмсайды. Сондай-ақ жаңа вагондарды тек отандық өндірістен алады.

Мәжіліс депутаттары бізге қарыздарың көбейіп жатыр деп орынды сын айтуда. Алайда ол өсе береді. Себебі локомотивтерді, тепловоз бен электровозды отандық өндірістен сатып аламыз. Несие алып инфрақұрылымды жақсартып, жол салып жатырмыз. Жеке тасымалдаушылар мұндай жұмыс істемейді, – деді ол.

Бұған қоса, Әлмағамбетов 2024 жылы пойыз билеттерінің бағасы өспейтінін атап өтті. Оның сөзінше, компания бағаны жылына бір рет көтереді. Биыл билет бағасы 7 пайызға көтеріліп қойған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға