Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге сомасына ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сондай-ақ, Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?