Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед әл-Арикині қабылдады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік ынтымақтастығы мен халықаралық ұйымдар аясындағы елдеріміздің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады. Барлық деңгейдегі саяси диалогтың жоғары динамикасы мен мазмұндылығын және сауда-экономикалық пен инвестициялық өзара іс-қимылдың белсенді дамуын атап өтті.
Дипломаттар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың COP28 климаттық саммитіне қатысу үшін Дубайға жақында жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша екіжақты уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы пікір алмасты.
ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі