Жаңалықтар

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайты іске қосылды

Бұл туралы Аманат партиясы мәлімдеді
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайты іске қосылды
Фото: Аманат партиясы 28.10.2022 12:01 1931

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайты toqaev2022.kz іске қосылды, деп хабарлайды El.kz.

Бұл платформада кандидаттың өмірбаянымен, оның сайлауалды бағдарламасымен, Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің қызметімен танысуға болады.

Сайт ең алдымен, пайдаланушыларға ыңғайлылы және қажетті ақпаратты еркін алуға бағытталған. Құрылымдық жағынан сайт бірнеше бөлімнан тұрады.

Алғашқы үш бетте қолданушы 2019 жылдан бастап ел Президенті лауазымында Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарған жұмыстарының тарихымен таныса алады.

Осы жерде кандидаттың Республикалық және өңірлік қоғамдық штаб мүшелерінің жұмысы туралы жаңалықтар бөлімі де бар. Әрі қарай, пайдаланушылар сайлауалды бағдарламамен таныса алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға