Жаңалықтар

Қозыбаев университетінің түлектеріне екі диплом беріледі

Қозыбаев университетінің түлектеріне екі диплом беріледі
Фото: Ашық дереккөзден 30.07.2023 10:49 1125

Манаш Қозыбаев атындағы солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Аризона университетінің филиалы жаңа оқу жылына дайын, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі

Петропавл қаласындағы СҚУ алдағы оқу жылына дайындық жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда соңғы іс-шаралар мен рәсімдер жүргізіліп, 1 қыркүйекте университет алғашқы студенттерді қарсы алуға дайын. Негізгі атап айтатын қос дипломдық бағдарламасына түскен студенттерге есік ашық. 

Бүгінгі таңда 1124 талапкер Аризона университетімен серіктестік бағдарламасы бойынша оқуға өтініш білдірген. Айта кетерлігі, талапкерлер арасында ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсеткен жастар да бар. Бірлескен оқу бағдарламаларына Солтүстік Қазақстан облысы, Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Семей, Ақтөбе қалаларынан және еліміздің басқа облыстарының тұрғындарынан өтініштер түсті.

Қос дипломдық бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: биология ғылымдары, ақпараттық технологиялар және инклюзивті білім беру. Оқыту процессі ағылшын тілінде өтеді. Оқуды сәтті аяқтаған студенттер екі диплом алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға