Жаңалықтар

Қоян жылы мейірім мен молшылықтың жылы болсын - Дархан Қыдырәлі

Қоян жылы мейірім мен молшылықтың жылы болсын - Дархан Қыдырәлі
Фото: El.kz 21.03.2023 10:21 1351

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әз-Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін, күн мен түннің теңелетін, барша жұрттың жақсылыққа кенелетін кезеңі – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Береке мен бірліктің, елдік пен еркіндіктің рәмізі іспетті Әз-Наурыз құтты болсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Табалдырығымыздан аттаған Қоян жылы ырыс пен ынтымақтың, мейірім мен молшылықтың жылы болсын!Ошағымыз оттан, азаматымыз аттан түспесін! Төңірегіңіз түгел, төрт құбылаңыз сай болсын! Жыл жақсылығымен келсін!,  - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға