15 ақпан ЖШС күзетшісі Қостанай Жоғары политехникалық колледжінің кіреберісінде металл іздегішпен тексеру кезінде қалтасынан жиналмалы пышақ табылған бірінші курс студентін ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жедел-тергеу тобы аталған затты тәркілеп, 18 жасар студентті ПБ-не жеткізді.
Анықтау кезінде студенттің басқа колледжде оқитыны, бұл оқу орнына іс-шараға келгені анықталды.
Ол ата-анасына үй шаруашылығында көмектескенін айтып, содан кейін пышақтың сырт киімінде қалғанын, заттың салмағы аз болғандықтан, ол туралы ұмытып кеткенін түсіндірді.
Жүргізілген сараптама пышақтың суық қару емес екенін көрсетті. Студентпен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оқиға туралы оның ата-анасы хабардар етілді.
Қостанайлық студенттің қалтасынан пышақ табылды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді