Baitursynuly University студенттері Қостанайдың көшелеріне шығып, қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жігіттер облыс орталығының коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлеріне көмекке келіп, қала көшелерін қардан тазартуға көмектесті. Студенттердің бұл әрекеті тек ТКШ жұмысшыларының ғана емес, өтіп бара жатқан адамдардың да назарын аударды.
Көктемгі қызғалдақтай гүл шоқтарын сыйлық ретінде алған қыз-келіншектер студенттерге көмегі үшін алғыстарын жаудырды.
Осы орайда Қостанай өңірлік университетінде студенттердің рухани тәрбиесіне, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
⠀
Атап өтсек, жақында Baitursynuly University-де жыл сайын өтетін қайырымдылық Студенттік балы ұйымдастырылып, мұқтаж баланың еміне бір жарым миллион теңге жинауға көмектесті, аймақта үлкен резонанс тудырды.
Қостанайлық студенттер коммуналдық қызметкерлерге көмектесті
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?