Қостанайлық ер адам саңырауқұлақтан уланып өлді

 © El.kz
Фото: © El.kz

Оқиға 4 қыркүйекте Әулиекөл ауданы ауылында болған. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоңырау 23:56-да түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері 23:59-да келді. Жедел жәрдем дәрігерлері тобы 1977 жылы туған ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын анықтаған.

Жедел жәрдем келгенше ер адам көз жұмған. Өлімнің болжамды себебі - саңырауқұлақтан улану. Әйелінің айтуынша, ол саңырауқұлақ жеген. Таңертең ер адамда галлюцинация болған.

Оқи отырыңыз