Жаңалықтар

Қостанайлық дәрігерлер ұшақта жүрегі тоқтап қалған жолаушыны құтқарды

Қостанайлық дәрігерлер ұшақта жүрегі тоқтап қалған жолаушыны құтқарды
Фото: pixabay.com 21.05.2023 04:02 656

Қостанайлық дәрігерлер ұшақта кенеттен жүрегі тоқтап қалған жолаушыны аман алып қалды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, дәрігерлер Қызылордадан іссапардан келе жатқан.

Ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезінеп, есінен танып, жүрегі тоқтап қалған. Бақытқа орай, борттағы қостанайлық дәрігерлер көмекке келіп, әйелдің өмірін сақтап қалды.

Анестезиолог-реаниматолог Бақытжанов әйелге қажет процедураларды жүргізген.

Дәрігердің медициналық біліктілігі мен үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде жолаушы біртіндеп есін жиғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға