Жаңалықтар

Қостанайдың оңтүстік бөлігіндегі өзендерде судың деңгейі әлі жоғары

Қостанайдың оңтүстік бөлігіндегі өзендерде судың деңгейі әлі жоғары
Фото: ortcom.kz 09.04.2024 11:52 472

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдегі су тасқыны жағдайы және қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда облыс бойынша су тасқынының белсенді кезеңі аяқталған. Негізгі су қоймаларында біртіндеп су ағызу төмендей бастады. Десе де облыс әкімінің орынбасары шаһардың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталып отырғанын жеткізді.

Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр. Біржолғы әлеуметтік төлемдер басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек 587 отбасына 107,3 млн теңге сомасында төленді. Су тасқыны кезінде 24 автожолда қозғалыс шектелді, ал 9 жолдағы қозғалыс қазірдің өзінде қалпына келтірілді, қалғандары бойынша жұмыстар жалғастырылуда, – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов.

Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, авариялық ажыратылуы себепті 28 елді мекен электрмен жабдықтаусыз қалған. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған, бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда. Су кеткеннен кейін жұмыс жалғасатынын айтты.

Арнайы құрылған комиссиялар келтірілген залалды бағалау бойынша жұмысты жалғастыруда. Осы бағалау қорытындысы бойынша барлық зардап шеккендерге залал толық өтелетін болады, – деді Арман Әбенов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға