Қостанайдан ұшпақ болған ұшақтың дөңгелегі жанып кетті

 ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Qazaq Air бортындағы жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қостанай-Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсіндегі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады, - делінген хабарламада.

11 қазанда Qazaq Air ұшағының шассиі маңында ұшқын байқалды. Экипаж қауіпсіздік мақсатында ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз