Жаңалықтар

Қостанайдағы мемлекеттік университет өкілдері Қытайдағы форумға қатысып жатыр

Қостанайдағы мемлекеттік университет өкілдері Қытайдағы форумға қатысып жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 23.09.2023 10:22 340

BAITURSYNULY University ректоры Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының II форумының жұмысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Форумда Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстанның 46 университетінен, ғылыми-зерттеу мекемелері мен кәсіпорындарынан 150-ден астам өкіл ұсынылған.

Форум аясында BAITURSYNULY UNIVERSITY мен солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (Northwest A&F University) арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті. Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті Азиядағы ең үздік 300 университеттің қатарында, Қытайдың жетекші ұлттық университеті болып саналады және ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының барлық пәндері оқытылатын бірегей білім беру мекемесі болып табылады.

ЖОО-да мал шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы салаларындағы қолданбалы зерттеулер үшін 5000-нан астам ғылыми жетістіктер бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға