Жаңалықтар

Қостанайда зираттан темір ұрлағандар ұсталды

Қостанайда зираттан темір ұрлағандар ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.11.2023 09:34 779

Қостанай облысының полиция қызметкерлері зираттан темір ұрлағандарды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Меңдіқара ауданында полиция қызметкерлері қабірдегі темір ұрлау деректерін ашты. Жарты жыл ішінде полиция бөліміне зираттардағы қоршаулардан ұрланған металл бұйымдар – шынжырлар болғандығы туралы бірнеше арыз білдіруші жүгінді. Бұл дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталмаған ауданның 25 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ұрланған заттар темір қабылдау пунктінен алынып, иелеріне қайтарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға