Жаңалықтар

Қостанайда жол жабылды

Күн райына байланысты бірқатар жолдарға шектеу қойылды
Қостанайда жол жабылды
Фото: azh.kz 09.02.2023 02:15 763

Қостанай облысында күн райының бұзылуына байланысты бірқатар тасжол учаскелері жабылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына орай «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай»; «Қостанай-Әулиекөл-Сурған»; «Екатеринбург-Алматы» және «Қостанай-Мамлютка» тасжолдарының учаскелері жабылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Төмендегі бағыт бойынша тасжолдар жабық тұр:

«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай»  444-503 шақырым, Рудный қ.- Лисаковск кенті аралығындағы учаске
«Қостанай-Әулиекөл-Сурган» 7-108 шақырым, Тобыл қ. – Әулиекөл кенті арасындағы учаске.
«Екатеринбург-Алматы»  468-539 шақырым, Қостанай қ.-Федоровка кенті арасындағы учаске.
«Қостанай-Мамлютка» 333-406 шақырым, Боровское к.-Тобыл қаласы арасындағы учаске.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға