Жаңалықтар

Қостанайда жол апатынан үш айлық нәресте көз жұмды

Қостанайда жол апатынан үш айлық нәресте көз жұмды
Фото: Видеодан кадр 17.08.2023 11:30 843

Қайғылы оқиға 17 тамыз сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 22 жастағы жүргізуші ВАЗ 21099 автокөлігін тізгіндей отырып, Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруымен қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген.

Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан Toyota-ның жүргізушісі мен ауруханаға жеткізілген жолаушы зардап шекті. Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты қайтыс болды, - делінген мәліметте.

Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға