Жаңалықтар

Қостанайда жаңа автокөлік зауытының құрылысы басталды

Қостанайда жаңа автокөлік зауытының құрылысы басталды
Фото: primeminister.kz 11.11.2023 16:55 549

Қостанайда Kia автомобильдері өндірісінің толық циклін қамтитын зауыт құрылысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құрылыс жұмыстарын ресми бастау рәсіміне ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Осындай ірі өнеркәсіп нысанының құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Корея компаниясының басшылығымен уағдаластықтары нәтижесінде басталып отыр.

Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында Президент Қостанайда Kia автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін іске қосу рәсіміне қатыса отырып, өнеркәсіп кооперациясын одан әрі кеңейту және инженерлік базаны қалыптастырудың маңызын атап өткен болатын.

Жоғары жалақы төленетін 1 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлік болмақ. Жобаға шамамен $250 млн тікелей шетелдік инвестициялар салынатын болады. Роман Скляр өз сөзінде Kia компаниясы алғаш рет Корея Республикасынан тыс жерде бірлескен кәсіпорын мен зауыт салуға тікелей инвестиция салып отырғанын атап өтті.

Қостанайда KIA автомобилдерін шығаратын толық циклді зауыт салуды машина жасау саласы үшін шын мәнінде серпінді жоғары технологиялық жоба деп атауға болады. Бұл жоба нақты мультипликативті әсер береді, инженерлік және техникалық кадрлардың жаңа буынын даярлау деңгейін арттыруға, сондай-ақ локализациялаудың келесі кезеңіне көшуді айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді-, - деді Роман Скляр.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде, содан кейін жабдықтар орнатыла бастайды.

✅

2025 жылдың бірінші тоқсанында зауыт пилоттық режимде іске қосылмақ, ал екінші тоқсанында өндірістің толық циклі ашылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға