Жаңалықтар

Қостанайда учаскелік полицей су басқан ауыл халқына тегін нан таратты

Қостанайда учаскелік полицей су басқан ауыл халқына тегін нан таратты
Фото: Қостанай облыстық ПД 30.03.2024 15:10 372

Қостанай облысының учаскелік полиция инспекторы Арқалықтан 48 шақырым жерде орналасқан Үштөбе ауылының тұрғындарына тегін нан таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, аталған елдімекенге барар жол су тасқыны салдарынан бұлыңғыр болып, онымен жүру қиындаған. 

Тәртіп сақшысы Дархан Тұрғанов Восточный ауылының наубайханасынан 50 нан сатып алған. Ауылға жету үшін досының “Нива” көлігін алған екен.

Үштөбіліктер тегін ыстық нан туралы хабарды Whats App мессенджеріндегі чат арқылы білген. Нанды тұрғындар дүкен сөресінен жарты сағат ішінде алып кеткен. Өз кезегінде ауыл халқы қиын сәтте сауапты іс жасаған полицейге алғыстарын білдірді. 

Еске салсақ, биыл қаңтар айында Дархан Тұрғанов далада үш күн бойы боранда жоғалып кеткен малшыны тапқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға