Жаңалықтар

Қостанайда су алып кеткен жолдағы ахуал қандай

Қостанайда су алып кеткен жолдағы ахуал қандай
Фото: Видеодан кадр 05.04.2024 12:44 344

ҚазАвтоЖол Қостанайда жолды су басуына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 сәуірде сағат 09:00 шамасында А-22 «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолының 253-ші және 254-ші шақырымында Тобол өзенінің тасуынан және РФ жағынан үлкен көлемде судың келу салдарынан жол бөлігін екі жақтан су алу фактысы тіркелді, - делінген ақпаратта.

Бірінші су тасқынның (253 шақырым) ауданы 250 м, ал ені 15 см. Екіншісінің ауданы (254 шақырым) 300 м, ені 15 см құрады. 

Аталған учаскелерде 2 су өткізгіш құрылғысы бар: диаметрі 1*1,5 м болатын үш тесікті дюбингті құбыр және диаметрі 1*1,5 м бір тесікті дюбингті құбыр (254 шақырым).

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы бақылау орнатылып, қажетті ескерту жол белгілері, сигналды тіректер мен ілмектер орнатылды. Сондай-ақ, жол жиектерін инертті материалдармен және құм салынған қаптармен күшейтуде. 4 бірлік техника (2 бірлік КДМ КАМАЗ және HOWO, 1 тиегіш, 1 ДРС Газель) мен 9 адам жеке құрамнан жұмылдырылды, - деп мәлім етті ҚазАвтоЖол.

Қазіргі таңда көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға