Жаңалықтар

Қостанайда сатушыны қорқытқан күдікті ұсталды

Қостанайда сатушыны қорқытқан күдікті ұсталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 27.05.2024 13:40 342

Қостанай қаласындағы дүкендердің бірінде сатушыны пышақпен қорқытып, 15 мың теңгені ұрлаған күдікті саусақ ізі арқылы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Оқиға Қостанай қаласында болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зорлық-зомбылықпен қорқыту арқылы ашық түрде ұрлық жасағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп және жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті хабарлады.

Қостанай қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің криминалисті Данияр Нұрқановтың сөзінше, оқиға 17 мамыр күні кешке облыс орталығындағы дүкендердің бірінде болды.

Белгісіз біреу сатушыны пышақпен қорқытып, 15 мың теңгені қолды қылған. Күдікті дүкен сөресінен алынған сұқ саусақтың ізі арқылы анықталды. Оның іздері бұрын «Папилон» автоматтандырылған саусақ ізін сәйкестендіру жүйесінің деректер базасына енгізілген болатын. Қарақшылық дерегі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Данияр Нұрқанов.

Айта кетейік, «Папилон» жүйесі саусақ ізі туралы ақпаратты енгізу, өңдеу, салыстыру, сақтау және берудің барлық процесін барынша автоматтандыруды қамтамасыз етеді.


 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға