Жаңалықтар

Қостанайда қонақ үй өртенді: адам шығыны бар

Қостанайда қонақ үй өртенді: адам шығыны бар
Фото: Видеодан кадр 30.12.2023 18:55 1185

Қостанай қаласының Дружба ауылында екі қабатты «Жібек жолы» қонақ үйінің ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 11:00-де түскен. Құтқарушылар өртенген қонақ үйден әйелдің денесін алып шықты. Өрт ғимараттың шатырын, екінші қабатын және бірінші қабаттың кей жерлерін шарпыды. Ғимарат әлі пайдалануға берілмеген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, өрттің шығу себептері жан-жақты тексерілмек, - деп хабарлайды ТЖД өкілдері.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @qostanai_tjd

Өрт ошағынан ең жақын елді мекенге дейінгі қашықтық он бір шақырымды құрайды.. Оқиғаға қатысты тергеу тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға