Жаңалықтар

Қостанайда полицейлер мен блогер бірлесіп рейд жүргізді

Қостанайда полицейлер мен блогер бірлесіп рейд жүргізді
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 23.11.2023 23:32 384

Қостанайлық полицейлер мен блогердің бірлескен рейді нәтиже берді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

22 қарашада автокөлік қозғалысының белсенді қатысушысы Микаэль Боров «Қорғау» бағдарламасының жұмысымен танысты. Полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд кезінде бағдарлама алдарында көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің келе жатқанын анықтады. Құжаттарды тексеру кезінде дерек расталды.

Рульде бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 және 8 жылға 2 рет көлік жүргізу құқығынан айырылған әйел болды. Такси қызметін пайдалануға мүмкіндік болған кезде неге адам мас күйінде көлік жүргізеді? - деп пікір білдірді Микаэль.

Әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Ол қайтадан сотқа тартылады. Оған 172 мың теңге айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамауға алынады.

Микаэль Боров - автокөлік қозғалысының белсенді қатысушысы, блогер. Полициямен бірлескен жол қозғалысы ережелеріне қатысты акцияларға белсенді қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға