Жаңалықтар

Қостанайда өрт шыққан тұрғын үйден 12 адам эвакуацияланды

Қостанайда өрт шыққан тұрғын үйден 12 адам эвакуацияланды
Фото: © Pixabay.com 24.03.2024 14:28 362

Қостанайда 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам эвакуацияланды, оның төртеуі бала. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанайда сағата 11:50-де бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы ас үй-жайда өрт шықты.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала бар. Сағат 12:08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі ­– электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 14 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға