Жаңалықтар

Қостанайда оқушы қыз төртінші қабаттан құлап кетті

Қостанайда оқушы қыз төртінші қабаттан құлап кетті
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.05.2023 21:46 473

Қостанайда 13 жастағы оқушы қыз абайсызда төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 мамырда Шаяхметов көшесіндегі №169 үйде болған.

Қыз баланың терезеден қарап тұрып, байқамай құлап кеткеніне куә болған көршілері бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған. Қыз бала бірнеше жері сынып, ауруханаға жатқызылды.

Пәтерде одан бөлек тоғыз жастағы сіңлісі мен екі жастағы інісі болған.

Қостанай облыстық ПД жыл басынан бері өңірде терезеден құлап кетудің сегіз жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға