Қостанай облысында полицейлер мұз астынан екі адамды шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 желтоқсан кешкі сағат 20:00 шамасында 31 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын Шортанды өзені арқылы үйге баратын жолды кесіп өтуге шешім қабылдаған. Салдарынан мұз опырылып суға түсіп кетті.
Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде келді. Құтқару кезінде құтқару тростары мен жилеттер пайдаланылды.
Тәртіп сақшыларына тез әрекет ету керек болды. Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жорғалап, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді.
Олар ер адамдарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрды.
Ер адамдарды жедел жәрдем алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
Полицейлер суға түскен формасын ауыстырып, қызметін жалғастырды.
Қостанайда мұз астында қалған екі адамды полиция шығарып алды
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер