Жаңалықтар

Қостанайда кран құлап, бір адам көз жұмды

Қостанайда кран құлап, бір адам көз жұмды
Фото: Біздің Қостанай 30.11.2023 16:15 580

30 қараша сағат 12:50 кезінде Қостанайда көліктің үстіне кран құлады. Құлаған кран кабинасында 49 жастағы ер адам болған. Бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ер адам алған жарақатынан қаза тапты. Тағы екі көлік зақымданды.

Адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігінде көзделген «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында барлық тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Кранның құлау себебі анықталып жатыр. Тергеу барысында басқа мәліметтер жария етілмейді, - деді Қостанай облысының полиция департаменті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға