Жаңалықтар

Қостанайда "АруАна" үздік әйелдер жобасына құжат қабылдау басталады

Қостанайда "АруАна" үздік әйелдер жобасына құжат қабылдау басталады
Фото: gov.kz 05.02.2024 04:23 421

Қостанайда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған «АруАна» үздік әйелдер жобаларының конкурсын өткізеді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шараның мақсаты өңірлерде адамдардың өмір сүру сапасын және қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған неғұрлым маңызды және пайдалы жобаларды, бастамалар мен практикаларды анықтау және қолдау көрсетуге бағытталып отыр. 

Іс-шараға қатысу үшін конкурсқа  Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдер қоғамдық бірлестіктері үміткер ретінде бақ сынай алады. Конкурстық іріктеу шеңберінде ел өңірлерінде масштабтаудың жоғары әлеуеті бар үздік әйелдер әлеуметтік жобалары айқындалады. Комиссия биылғы 5-20 ақпан аралығында өтінімдерді қабылдау мен жобаларды іріктеуді жүргізеді.

Байқау бір кезеңде – өңірлік деңгейде өткізіледі. Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың өкілдері, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері қатарынан кемінде 5 (бес) адамнан құрылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім арнайы нысан бойынша  (қоса беріледі) қағаз немесе электрондық нұсқада растайтын құжаттармен, фото және бейнематериалдармен қоса комиссияға беріледі.

Өтінімдерді көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған қатысушылар конкурсқа қатыспайды. Комиссияға ұсынылған өтінімдер, құжаттар, фото және бейнематериалдар қайтарылмайды. Конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, отырысқа қатысатын барлық мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды:

  • жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).

Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізіледі.

Өтінімді 2024 жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей қағаз немесе электрондық түрінде a.baytursinov@kostanay.gov.kz  мекенжайына ұсыну қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға