Жаңалықтар

Қостанайда 12 тұрғын үй мен 20 ауланы су басты

Қостанайда 12 тұрғын үй мен 20 ауланы су басты
Фото: Видеодан кадр 25.03.2024 20:01 441

Қардың қарқынды еруі Қостанай облысы Арқалық қаласындағы бірнеше елді мекен тұрғындарын әбігерге салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтеншеліктердің мәліметіне сүйенсек, бүгін Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үйді су басты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган өкілдері бірлесіп еріген қар суын сору жұмыстары жүргізуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға