Жаңалықтар

Қостанай ТЖД бастығының орынбасары су тасқынына қатысты ахуалды айтты

Қостанай ТЖД бастығының орынбасары су тасқынына қатысты ахуалды айтты
Фото: Видеодан кадр 07.04.2024 00:18 344

Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асылбек Садуовтің мәліметінше, өңірде су тасқынына байланысты ахуал күрделі тұрақты. Облыста Тобыл өзені аумағынан 4 мыңнан астам эвакуацияланған. Бұл туралы ведомство өкілі Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асылбек Садуовтің айтуынша, өңірде 25 наурыздан бастап су тасқынымен күрес жалғасуда. Ең басты қауіп Арқалық, Амангелді, Жанкелді аудандарында болған. Бүгінгі күні Қостанай қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды.

Ресей жағынан және өзіміздің су қоймалардағы судың көптігінен Тобыл өзені көтерілді. Әлі күнге дейін адамдарды құтқару және сол маңдағы халықты эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам адам құтқарылды. Жеке құрам және волонтер, өзіміздің ПД, сырттан келген Қызылорда, Қарағанды әскери қызметкерлері, жалпы саны 2 мыңнан астам адам қызмет жасауда. 372 техника жұмылдырылған. Қостанай облысы және қаласы бойынша тұрақты күрделі деп айтуға болады,-деді Қостанай облыстық ТЖД басшысының орынбасары.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында республикалық ақпараттық штаб жұмыс атқаруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға