Жаңалықтар

Қостанай облысының полицейлері бұрын сотты болған алаяқты ұстады

Қостанай облысының полицейлері бұрын сотты болған алаяқты ұстады
Фото: polisia.kz 17.01.2023 17:51 999

Қостанай облысының полицейлері бұрын сотты болған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті 16 қаңтарда Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы үйлердің біріне еніп, ер адамның қолынан 50 мың теңгесін алып кеткеннен кейін ұсталды. Жәбірленуші полицияға жүгінді.

Қызметкерлер “ізін суытпай” күдіктіні, бұрын сотталған 47 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында қаскүнемнің зейнеткерлік жастағы адамдарға қатысты алаяқтық жасағаны анықталды. Ер адам оларды банктердің жанында күтіп, сапалы ыдыс-аяқ сатып алуды ұсынған. Зейнеткерлер жоғары баға төлеген. Мысалы, 72 жастағы әжей 100 мың теңгеге ыдыс сатып алды. Жиынтықтың нақты құны небәрі 20 мың теңгені құрады.

– Жедел-тергеу іс-шаралары барысында тағы төрт жәбірленуші анықталды. Бірақ полицияда алаяқтың құрбандары көп болуы мүмкін деген болжам бар. Егер сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, Қостанай ауданының полиция бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрдәулет Жүсіпов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға