Жаңалықтар

Қостанай облысының әкімдігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талқыланды

Қостанай облысының әкімдігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талқыланды
Фото: gov.kz 25.12.2023 06:25 658

Отырыс жұмысына облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары, облыстық мәслихаттың, саяси партиялардың, сондай-ақ қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Комиссия мүшелері мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау жай-күйі, және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын талдау мәселелерін қарады.

Сонымен қатар отырыста мемлекеттік органдардың санитарлық-қорғау аймақтарының ережелерін сақтауы, облыстың әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы ұзаққа созылу мәселелері бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері мен ТБН 4 жобасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыс қорытындылары ортаға салынды.

Жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына талдаулар мен мониторингтер қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет енгізген ұсынымдарды орындау жөнінде дереу шаралар қабылдау тапсырылды.

Қорытындылай келе, комиссия мүшелері қоғамдық бақылау институтын күшейту, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қоғам институттарымен жұмысты күшейтуді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаулар мен мониторингтер нәтижесінде анықталған тәуекелдерді уақытылы әрі сапалы жоюды ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға