Жаңалықтар

Қостанай облысында жүре алмайтын зейнеткер эвакуацияланды

Қостанай облысында жүре алмайтын зейнеткер эвакуацияланды
Фото: Видеодан алынған кадр 04.04.2024 20:10 390

Қостанай облысында учаскелік полиция инспекторлары жүре алмайтын зейнеткерді қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Қарасу ауданы Восток ауылының тұрғындары бір күн бұрын жиын өткізіп, су басқан жағдайда тұрғындарды эвакуациялау мәселесін талқылады.

Азаматтардың бірі аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевқа өздігінен жүре алмайтын қарт адам туралы хабарлаған.

Дереу тапсырма беріліп, учаскелік инспекторлар Ерболат Өтебаев пен Ернияз Ибрагимов дәрігерлермен бірге барып зейнеткерді емханаға алып келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға