Жаңалықтар

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.12.2023 15:29 550
17 желтоқсан күні сағат 20:20 шамасында Қостанай – Сарыкөл тас жолында Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan көлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Lada Granta көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Жол апаты салдарынан Nissan жолаушысы мен Lada Granta жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп жазды alau.kz.

Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға