Жаңалықтар

Қостанай облысында жол апатынан әйел адам қайтыс болды

Қостанай облысында жол апатынан әйел адам қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 11.08.2023 14:02 599

Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі жол апаты жайлы толығырақ мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полицияның хабарлауынша, 7 тамыз күні Юбилейный шағын ауданындағы №50 үйде 34 жастағы әйел ВАЗ 2115 көлігімен Узкоколейный елді мекеніне бара жатқан.

Ол «Жол бер» белгісіне мән бермеген. Салдарынан «Мерседес» жүк көлігімен соқтығысты. Жүргізуші әйел қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жеңіл көлікте болған 2021 жылы туған қыз бала ауруханада жатыр, - делінген ПД мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға