Жаңалықтар

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар баспаналы болды

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар баспаналы болды
Фото: Қостанай облысының әкімдігі 20.05.2024 22:44 539

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда. Бүгін баспанасы қалпына келтіруге келмейтін Қостанай ауданының 74 отбасы жаңа тұрғын үй иемденді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа қоныс иелерімен кездесті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккендерге жан – жақты көмек көрсетіледі. Мемлекет бар жағдайды жасап, шығындарды өтеу, әлеуметтік төлем жасау, бұзылған үйлерді қалпына келтіру, жаңасын тұрғызу іспетті жұмыстарды атқаратын болады, - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Бұдан басқа, Қостанай ауданының зардап шеккен тұрғындарының зақымданған мүлік шығыны өтеліп, әлеуметтік көмек түріндегі өтемақы берілді. Төлемдердің жалпы сомасы 191,3 млн теңгені құрады.

Қалпына келтіруге жататын барлық үйлерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, жөндеу жұмыстары осы жылдың 15 маусымына дейін аяқталуы тиіс.

Бұдан басқа, "Қазақстан Халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен облыстың Қостанай, Амангелді және Жангелдин аудандарында 88 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды. BAZIS-A компаниясы Арқалық қаласында 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бастады. Пәтерлер Арқалық қаласының, Амангелді және Жангелдин аудандарының зардап шеккен тұрғындарына беріледі

Сондай-ақ зардап шеккен тұрғындар үшін Қостанай қаласының Қонай шағын ауданында 15 үй салу жоспарланған, оның 8-і басталды.
Мемлекет шығынды өтеудің екі әдісін: жаңа үй салу немесе нарықта дайын пәтер сатып алуды ұсынады.

Залалды бағалау жөніндегі комиссияның мәліметінше, Қостанай облысында 475 үй қалпына келтіруге жатпайды. Қазіргі уақытта 208 тұрғын жаңа баспанамен қамтамасыз етілген, бұл зардап шеккендердің 43,7% құрайды. Пәтерлер тұрғындардың меншігіне беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға