Жаңалықтар

Қостанай облысында су деңгейі төмендеді

Қостанай облысында су деңгейі төмендеді
Фото: Видеодан кадр 12.04.2024 00:46 197

Қостанай облысында су айдындарындағы су деңгейі орта есеппен 1 метрден артық төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінгі таңда аймақ бойынша су тасқыны ерекше бақылауда. Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жанкелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланған режимі жалғасып жатыр. Алайда, Желқуар, Жоғарғы Тобыл, Қаратомар су қоймаларына баса назар аударылуда.

Облыс бойынша су тасқыны кезінде барлығы 9099 адам, оның ішінде 1808 бала құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖ жоюға 2 088 адам және 363 бірлік техника, 136 мотопомпа, 25 жүзу құралы жұмылдырылды. Ағымдағы тәулікте облыс бойынша 284 мың м3 еріген су сорылды, - деді Қостанай облысының ТЖД төтенше жағдайларды алдына алу бөлім бастығының міндетін атқарушы Ескендір Кубаев Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға