ҚМА мен ІІМ бірлескен іс-қимылдары арқасында Қостанай облысында есірткіні тарату схемасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚМА терроризмді, есірткі бизнесі мен жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы Департаментінің қызметкерлері ІІМ-нен телеграм-канал арқылы есірткі сату туралы келіп түскен ақпарат шеңберінде талдау жүргізіп, Қостанай облысында есірткі сатушыларды анықтады.
Заманауи технологияларды қолданудың арқасында банктік шоттар бойынша күдікті операциялар көзге түсті, сол арқылы қылмыстық схеманы ашу мүмкіндігі туды.
Талдау нәтижесінде 350-ден астам есірткі тұтынушылары мен оларды есірткі таратушылардың ұйымдастырушылары анықталды. Талдау көрсеткендей, маусымнан қыркүйекке дейін заңсыз әрекеттің айналымы 41 млн теңгеден асты.
Қаржылық операциялардың талдау нәтижелері сатушыларды тұтқындау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Қаржылық мониторинг агенттігі ел азаматтарының денсаулығына орны толмас зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыратын болады.
Қостанай облысында есірткіні тарату схемасы анықталды
Оқи отырыңыз
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік