Жаңалықтар

Қостанай облысында бірнеше үй өртеніп жатыр

Қостанай облысында бірнеше үй өртеніп жатыр
Фото: ng.kz 25.04.2023 14:39 551

Қостанай облысында 25 сәуірде өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заречное ауылында екі үй өртке оранды, одан қалды қызыл жалын жанында тұрған құрылыс орны мен көлікті де шарпыды. Облыстық ТЖД мәліметінше, Ипподромная көшесіндегі өрт туралы ақпарат 13:08-де түскен.

Қостанай облысында көрші тұрған екі үй өртеніп жатыр. Олардың біреуінде әлі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Өрт шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрайды. Қызыл жалын Mercedes маркалы көлік пен шаруашылық құрылыстарға да жеткен, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға