Жаңалықтар

Қостанай көшесінде сноубордпен жүйткігендер жауапқа тартылды

Қостанай көшесінде сноубордпен жүйткігендер жауапқа тартылды
Фото: Видеодан кадр 30.01.2024 23:00 424

Қостанай облысы Жітіқара ауданында жол бойында сноубордпен жүйткігендерді полицейлер қуалап жүріп, жауапқа тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сноубордшылардың бұл сәті видеоға түсіп қалған. Онда екі тұрғын алдында кетіп бара жатқан көлікке арнайы жіп байлап, соны ұстаған күйі жолда жүйткіп бара жатқанын байқауға болады. Ойланбай жасалған экстрим үшін полицейлер сноубордшылар мен жүргізушіні ұстады.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, апаттық жағдай жасағаны және техникалық байқаудың жоқтығы үшін оларға жалпы көлемі 100 мың теңгеден астам айыппұл тағайындалды.

Полицейлер көлікті айыппұл тұрағына жіберді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Полиция Департаменті (@polisia_kostanay)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға