Жаңалықтар

Қосшыда жеке үй өртенді

Қосшыда жеке үй өртенді
Фото: Ақмола облыстық ТЖД 17.04.2024 05:20 547

Ақмола облысы Қосшы қаласында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға 16 сәуірде сағат 18.09-да Ишимская көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД жеке құрамынан 11 құтқарушы және 3 техника жөнелтілген.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрттен материалдық шығынды азайтуға және тұрғын үйді құтқаруға мүмкіндік туды,-делінген ведомство мәліметінде.

60 шаршы метр алаңды шарпыған қызыл жалын сағат 19.15-те толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға