Қосшыда Қазақстандағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылады

 freepik.com
Фото: freepik.com

Қосшы қаласында Қазақстандағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақтелеком АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде деректерді өңдеудің жаңа орталықтары салынып жатыр.

Деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізілуде, биыл қараша айында Қосшы қаласында Алматыдағы орталықтан үш есе қуатты суперкомпьютерді іске қосу жоспарлануда, - деп атап өтті Бағдат Мусин.

Еске салсақ, 2024 жылдың қазан айында Алматы қаласында AI-Farabium суперкомпьютері іске қосылған еді. Ол әлемдік суперкомпьютерлер рейтингінде 103-орынға ие болған.

Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары өнімді есептеу жүйелері жасанды интеллектіні дамытуға, үлкен көлемдегі деректерді жылдам өңдеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік және бизнес салалардағы цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қосшы қаласында іске қосылатын жаңа суперкомпьютер Қазақстанның Орталық Азиядағы цифрлық хаб ретіндегі әлеуетін күшейтеді деп күтілуде.

Суперкомпьютер бүкіл Қазақстан ғалымдарына деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеуге, мемлекеттік органдардың түрлі жағдайларын модельдеуге және елдің IT-инфрақұрылымын дамытудағы жаңа дәуірге айналуға мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ жасанды интеллект технологиясы, мұнай-газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, жерді қашықтықтан зондтау, 3D модельдеу салалары бойынша деректерді топтастырады. Жоғары технологиялық құрылғы бүкіл Қазақстан ғалымдарына деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеуге, елдің IT-инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді. Университеттің есептеу техникасы саласындағы мүмкіндіктерін едәуір кеңейте отырып, ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен дәлдігін арттырады.

Құрылғы жасанды интеллект технологияларын, университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылымды қажетсінетін есептеулерді жасау, IoT-объектілерді басқару және ұйымдастыру, Smart-технологиялар объектілерін басқару жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

 

Оқи отырыңыз