Жаңалықтар

Қосшыда 3 жасар қыз бала терезеден құлап кетті

Қосшыда 3 жасар қыз бала терезеден құлап кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.07.2023 17:41 777

Ақмола облысы Қосшы қаласында 3 жасар қыз бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Қосшы қаласында болған. Бұл туралы Қосшы қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем станциясының қызметкерлері хабарлап айтқан.

Оқи отырыңыз:

Ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылғы қыз бала терезеден құлап кетті. Оқиғаның салдарынан бала «жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, қабырғаларының сынуы» диагнозымен Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды», - деді ведомства.

Осы ретте, тәртіп сақшылары балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналарға балаларды терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға, масалардың торларын тиісті қорғаныссыз пайдаланбауға, терезелердің жанына жиһаз қоймауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға