Жаңалықтар

Қошқарды 2050 рет көтерді: Бауыржан Әбдіқайым рекордты қалай орнатқаны туралы айтты

Қошқарды 2050 рет көтерді: Бауыржан Әбдіқайым рекордты қалай орнатқаны туралы айтты
Фото: Видеодан алынған кадр 11.12.2023 17:18 1131

Бауыржан Әбдіқайым 2050 рет қошқар көтеріп, көпшілікті таңдай қақтырған. Айтуынша, бұл рекордты Наурыз мейрамы тойланып жатқан кезде төрт жарым сағатта орнатқан, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол «Қыздар-ай» бағдарламасында айтты. Спортшы бастапқы межеден де көп жасағанын алға тартты. Ол 63 үміткердің арасынан оқ бойы озып шыққан.

Бастапқыда 2023 жыл ғой деп 2023 рет көтеремін дегенмін, бірақ достарым «мен үшін, мен үшін» деп 155-ке жеткіздік, сонан соң бесеуін алып тастады.

Осылайша ол еліміздің рекордтар кітабына енген. Себебі бұған дейінгі рекордшы Ақбар Елубайұлы қошқарды 2019 рет көтерген екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға